Атырау қаласындағы NIS-те адамгершілік, қамқоршылық, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы жалғасуда.
 
Оқушылар «Talento» балабақшасының дайындық топтарының балаларын білім нәрімен сусындатуда. Анығында, 10-сыныптың Медина Қанатқали, Ақнұр Ізімберген, Ибрагим Қайреден, сондай-ақ, 8-сыныптың Самал Абдреимова, Рамина Досжан, Медина Даут есімді оқушылары «Қызықты математика» тақырыбында ойын-сабақ, ағылшын тілінде «Family» атты сабақ өткізді.