Жобаның мақсаты – ата-әжелерді мектеп өміріне белсенді қатыстыру, оқушылармен бірлескен шығармашылық жұмыстар жасау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру, жас ұрпақтың мәдениетін көтеру, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
 
Әжелерімізге алғашқы сабақ Абай Құнанбайұлының қара сөздерін талдаумен басталды. Кейін әсерлі әңгімелер легі өзара сұхбат, ашық пікір алмасу түрінде жалғасты. Оқушылармен бірге сол жылдардағы есті әндерді караокемен шырқап, ерекше әсерге де бөленді.
Бұл жоба енді мектебімізде әр бейсенбі сайын өткізілмек.