Жуырда Атыраудағы NIS-тің «Бейбарыс» шаңырағындағы 8-сынып оқушылары «Кіші туған елге тағзым» жобасы бойынша Сарайшық мемориалды кешеніне барды.

Балаларға туған өлкені таныту арқылы тарихқа құрметін оятуды мақсат еткен шарада көне «Хан Ордалы Сарайшықтың» сақталу және қалпына келтіру жұмыстарының барысы таныстырылды. Оқушылар көне қаланы тану барысында Сарайшықтың жалпы тарихы мен ерекшеліктері жайында біліп, өз білімдерін толықтырды.