Атырау қаласындағы NIS-те адамгершілік, қамқоршылық, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы жалғасуда.
Оқушылар «Жанеркем-ай»ерекше балалар үйіне барып, бірлескен шығармашылық жұмыс жасады. Шараға 11«В» сынып оқушылары Авинур Зульфикар, Ляззат Мамышева , Гүлжанат Болат 9 «D» сынып оқушылары Рамина Досжан, Аружан Ерғалиева , 9 «А» сынып оқушылары Асем Куандыкова , Айсамал Қуандықтар қатысты.
Оқушылар балалармен түрлі-түсті бояулар арқылы шығармашылық жұмыс жасап әр-түрлі тақырыпта суреттер салды. Сондай-ақ, бірге нейрожаттығулар да жасады.