Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Мектеп директоры Құралай Аxмадиева мен оның орынбасарлары қатысқан жиынға қамқоршылық кеңестің өзге мүшелері онлайн жүйеде атсалысты.
Алдымен, қамқоршылық кеңестің жаңа төрағасы қызметіне Идрисов Саламат Нұрмұxанұлы бірауыздан бекітіліп, сондай-ақ, құрамның жаңа мүшелері таныстырылды.
Кейін СIS ұсынымдары бойынша іс-әрекет жоспарының орындалу барысы тілге тиек етілді. Жиын барысында кәсіптік бағдар беру бағытындағы қызмет қарқыны да пысықталды. Сондай-ақ, академиялық адалдыққа тікелей байлаулы қағидаттарды негізге ала отырып, мектеп мерейін өсіретін басты құндылықтар турасында да сөз қозғалды.
Айта кеткен лазым, мектепті безендіру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Өз кезегінде, қамқоршылық кеңес мүшелері жиында айтылған әр мәселе, қордаланған әр түйткіл жауапсыз қалмас үшін ынтымақтастықта жұмыла қызмет етуге ниетті екендіктерін білдірді.
Осылайша, кезекті қамқоршылық кеңес отырысы да өз мәресіне сәтті жетті. Жиын барысындағы мәселелер барысы енді жіті назарда болмақ.