«Хиуаз» шаңырағының 9-сынып оқушылары маңызды тарихи құжаттар сақталатын Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатына барды.

Бұл мекеме де дәл осы күйінде бірден, құрыла салмаған. Өзіндік даму тарихы бар. Мәселен, 1928 жылы 6 мамырда аудандық мұрағат, одан кейін 1931 жылы Қаз АССР Орталық мұрағатының Орал бөлімшесі, 1933 жылы аудандық мұрағат, 1938 жылдан бастап Гурьев облыстық мемлекеттік мұрағаты болып қалыптасты.

Мұндағы құжаттардың хронологиясы XX ғасырдан бастау алады, әрі, 500 мыңнан астам құжаттарды қамтиды. Оқушылар үшін бұл мекеме түрлі тарихи сырға толы мекен боп көрінді. Олар осылайша жаңа ақпараттарға қанығып, тарихи құжаттардың қайда сақталатынын біліп қайтты. Болашақ ел тұтқалары үшін мұндай мемлекеттік маңызы бар мекемелерді танып-білу өте маңызды.