«Хиуаз» шаңырағының 9-сынып оқушылары Атырау облысында табылған археологиялық ескерткіштермен танысу үшін Атырау тарихи-өлкетану мұражайына барды. Экскурсия ағылшын тілінде өтті.

Бұл мекеме 1939 жылы 22 шілдеде ашылды. Бүгінгі таңда музейде көрермендердің назарына «Ғасыр құпиясы», «Этнография», «Археология», «Өлке табиғаты», «ХІІ-ХХ ғасырлар өлкесінің тарихы», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы», «өлкенің мәдениеті мен әдебиеті», «Тәуелсіз Қазақстан» атты экспозициялық залдардың құнды экспонаттары ұсынылған.

Оқушылар бұл жерде ата-бабаларының заманына саяхат жасап, түрлі тарихи оқиғалармен танысты. Музейге сапар барысында белсенді оқушыларға осы мұражайға отбасымен қайта бару үшін билеттер берілді.