Атыраудағы NIS түлектері Алишер Бектілеу, Қуаныш Жалғасбаев, Алишер Қоспановтар оқушылардың, түлектердің және мектеп өкілдерінің бірыңғай қауымдастығы болып табылатын Атырау NIS қауымдастығын құруға ниетті.

Бүгін Атыраудағы NIS оқушыларымен бетпе-бет жүздескен олар қауымдастықтың негізгі айқын мақсаты мен міндеттерін ашық талқылады.
Белсенді түлектердің айтуынша, қауымдастық мектепті академиялық, қаржылық, мәдени және мотивациялық жоспарларда қолдайтын болады. Мектеп түлектері тәлімгер болып, оқушыларға жұмысқа орналасу, жаңа дағдыларды игеру, Қазақстанның және бүкіл әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсу мәселелерінде көмектеседі. Осы байланыстың арқасында мектеп оқушылары аға буынның құнды тәжірибесін қабылдап, қажетті нәтижеге тезірек қол жеткізе алады.