Атыраудағы NIS түлектері үшін өте ерекше күн болды. Олар 6 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан жылы ұяларымен қоштасып, ересек өмірге салтанатты түрде қадам басты. Қолдарына 6 жыл бойғы білімдерінің куәсі саналатын мектеп бітіру аттестаттары табысталды.
 
Биыл мектеп бітірген 66 түлектің 4-еуі “Алтын белгі” иегері болса, 7-еуі “Үздік аттестат” иегері атанды.
Толқынысқа толы кеште түлектер қобалжып тұрып, өздеріне тәлім-тәрбие берген ұстаздарына жылы лебізін жаудырды. Әсерлі кеш барысы әсем әнмен, әдемі тілек кезектерімен өрнектелді.

Әсіресе, түлектердің кураторлары тосын сый ретінде даярлаған әуезді ән көпшіліктің көңілінен шығып, әр түлектің жүрегінен орын алды.
Өмірдің әр белесінің өзіндік қиындығы мен құндылығы бар. Атыраудағы NIS түлектері бүгін бал балалық шақтың ұмытылмас сәттерімен қош айтысып, жалынды жастық шаққа қарай аяқ басты. Сүйікті білім ордалары биыл мектептен түлеп ұшқан әр шәкіртке лайым ашық жол, толағай табыс, толымды жеңістер тілейді.