Атырау қаласындағы NIS жанындағы жатақхана оқушыларының оқу қажеттіліктерін қанағаттандырып, қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Қаржылық сауаттылық» курсының ұйымдастырылуы жөнінде ұсыныс жасалған еді. Осы ұсынысты экономика пәні мұғалімі Қазыбек Қаныбеков қуана құп алды.
Курс «Ақша дегеніміз не?» тақырыбынан басталды. Шара барысында «Ақшаның қандай түрлері болады?», «Қаржылық сауаттылығы жоғары адам қандай болады?» сынды сұрақтарға жауап берілді. Кері байланыс ретінде мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар қызығушылықпен тіл қатып, пікір алмасты. Дискуссия қос тарапқа да қызық болды.