Атыраудағы NIS-тің 8-сынып оқушылары химия-биология апталығына орай «Даналық бейсенбі» аясында ғалым, Сафи Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты Амангелді Абилхаировпен кездесті.

Қонақ жүздесу барысында химия пәніне қатысты оқушыларды қызықтырған түрлі сауалдар легіне жауап беріп, өзін толғандырған мәселелер турасында да сөз қозғады. Химия пәніндегі жобаларға рецензия, аннотациялар жазып журген ғалым бүгінде мектеп химиктерімен, бірлестігімен тығыз қарым-қатынаста түрлі жұмыстар жасауда. Айта кеткен лазым, қонақтың тіпті ұрпақтары да бүгінде химия ғылымына қызығып, 2 ұл бір қызы әке жолын қуып, химик болған.