Зияткерлік мектепте «Берік отбасы» жобасының кезекті маусымы аяқталды. Бағдарламаның мақсаты жасөспірімдер арасында кездесетін теріс мінез-құлықтарды алдын-алу және бақытты отбасын құруға ықпал ететін ата-ана дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жобада ата-аналар баланы жазалауды дұрыс іске асыру, баламен ынтықмақтастықты оңтайландыру мен қолдау көрсетудің тиімді амалдары үйретілді. Ал қатысушы жасөспірімдер өтпелі кезеңдегі көңілсіз күйді шешу, құрдастарының қысымына қарсы тұру, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас орнатудың жолдарын үйренді.
«Берік отбасы» жобасының барлық қатысушыларына арнаулы сертификаттар табысталып, олардан кері байланыс тыңдалды.