Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Young Explorers-2022» жазғы элективті курсы сәтті аяқталды.

Атыраулық оқушылар Жанұя Жарас пен Амантай Аружан биология пәнінің мұғалімі Айгүл Молдасламованың жетекшілік етуімен бірнеше күн бойы элективті курста білім алды.

Қатысушылар күн сайын таңертеңгі жаттығулар мен көңілді флэш-мобтарға қатысып, оқу мен демалысты ойдағыдай ұштастырды. Курс барысында елдің әр өңірінен келген зияткерлер қызықты тренингтерге қатысып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білімді жетілдіру бойынша тың деректермен танысты.  

«Young Explorers-2022» бағдарламасында оқушылар білімді тереңдетуге, шығармашылық және креативті ойлауды, зерттеу, коммуникативтік және тілдік дағдыларды дамытуға мүмкіндік алды. 

Қоршаған ортаны зерттеу «step-by-step» форматында өтті, онда Қазақстанның әр түрлі қалаларынан келген командалар құрамындағы оқушылар күн сайын жаңа деректерді жинап, фотосуреттер, бейнежазбалар түсіріп, әділ-қазыларға дәлелдемелер ұсынған. Курстың мәдени демалыс кезеңінде қатысушылар Көкшетау қаласының көрікті орындарын тамашалап, Ақмола облысы Бурабай ауданының Теке-көл аумағында болды. Олар қоршаған орта проблемасын тереңірек түсіну үшін – табиғатта қоқыстың көп мөлшерін анықтай білді. 

Сонымен қатар, элективті курстың барлық командалары Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин мұражайында болды.  Балалар таулар мен көлдердің пайда болуы туралы қызықты аңыздар, биологиялық алуан түрлілік және тарихи мәдени құндылықтар жайында жақсы әсер алды. Курстың соңында NIS оқушылары естелік сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды.