Атыраудағы NIS-те қызықты жазғы лагерь өз жалғасын табуда. Оқушылар әр күн сайын сергіп, көңіл көтеріп қана қоймай, тың тақырыптарға ой жүгіртіп, пікір таластырды.

Мәселен, өз қалауларымен түрлі бұйымдар жасап үйреніп, техникалық бұйымдардың бастапқы механизмін құрастырып үйренді.
Заманауи лагерь барысында ұлттық асық ойыны да көрініс тапты. 
Өнер сабағында оқушылар мектеп ауласында тынығып, таза ауада аула гүлдерін қағаз бетінде бейнелеп те үлгерді.