Атыраудағы NIS-те мектепке енді ғана қадам басқан 7-сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қатарына қабылдау салтанатты шарасы өткізілді.

Биыл мектепке қадам басқан 7-сынып оқушылары 7 түрлі сыныпқа бөлінді. Ендеше, тәлімгерлерімен таныс болыңыздар!
7A және 7 B сыныптарына – Гаухар Кумарова;
7 С – Бақытгүл Әділбекқызы;
7 Д – Зияда Кумарова
7 Е – Инкар Султанова;
7 F – Марал Қыдырғалиева;
7 G – Мөлдір Қайырлиева тәлімгер боп бекітілді.
Оқушылар мектеп өміріне етене араласуды бастап та кетті. Тәлімгерлерімен, ұстаздарымен біріге жасаған еңбектерінің алғашқы жемісі салтанатты қабылдау шарасында көрініс тапты.

Бірі арнайы мюзикл қойып үлгерсе, бірі заманауи бимен, әрлі әнмен, күмбірлі күймен, хор орындауындағы тың туындылармен, тіпті, көркем гмнастикамен көпшілік назарына ілігіп, ықыласына бөленді. Мектеп ұжымы да білімді, өнерлі, талантты оқушылар қатары толыққанына дән разы.