Бұл жолы оқушылар «Жанеркем-ай» ерекше балалар үйіне барып, балалармен шығармашылық жұмыс жасады.
 
Ерікті ретінде шараға 11 В сынып оқушылары Батырхан Қайратов, Мирас Амангелдиев, Сымбат Болатова, Шакира Қайратқызы, Аделина Аманжол, сондай-ақ, 9 D сынып оқушылары Аружан Шайхинова, Медина Даут атсалысты.
 
Оқушылар балалармен бірге түрлі-түсті бояулармен және ермексазбен шығармашылық жұмыс жасап, түрлі тақырыпта суреттер салды. Бірге би билеп, көңіл көтеруді де ұмытпады.