Атыраудағы NIS өткізген ұстаздар арасындағы шахмат додасы сәтті аяқталды.

Қорытынды бойынша, командалық есепте жүлделі 1-орынды Ақтаудағы NIS ұстаздары жеңіп алды. 2-орынды Атыраудағы NIS ұстаздары еншілесе, 3-орын Ақтөбедегі NIS командасына бұйырды.

Ал, жеке ойында жүлделі 1-орынды ақтөбелік ұстаз Айгерім Мықтығұлова мен ақтаулық ұстаз Жеңіс Пернепесов иеленді.
Атыраудағы NIS ұжымы аймақтық турнирге атсалысқан барша ұстаздарға алғыс білдіреді.