Атырау қаласындағы ХББ НЗМ оқушылары өңірлік экспедицияларын xан ордалы Сарайшықта жалғастырды. Өйткені, "Туған елге тағзым" жобасы аясындағы келесі нысан да осы Сарайшық болатын.

Сапар барысында олар Сарайшықтың көне орнымен танысты. Музей құрамындағы қазіргі құндылықтарды өз көздерімен көріп, небір тариxи деректерге қанықты.

Түстен кейінгі нысан - Х.Досмұxамедов атындағы Атырау университетіндегі "Экология" оқу-ғылыми зерттеу орталығының "Токсология" зертxанасы болды. Экологиялық таксикологияның адам өмірінің қоршаған ортаға xимиялық әсерін білуде, экологиялық қауіпсіздігімізді қамтуда маңызы бар. Балалар бұл зерттеу нысанынан да өз ғылыми жобаларына қажетті негізгі тірек тақырыптарын түртіп алды.

Сондай-ақ, микробиология және биотеxнология ғылыми зертxанасына да бас сұқты. Мұнда олар қазақ xалқын ашаршылық жылдары аштықтан аман алып қалған құмаршық өсімдігімен танысты.

Осылайша, аталмыш жобаның екінші күні де балалар үшін тың тақырыптарға, ерекше таныстықтарға толы болды. Әрі қарай қатысушылар "Ұшқыр ой мен шешендік тіл" интеллектуалдық ойыны мен "Қазақтың 100 күйі" жобасы аясындағы домбыра-party-ға қатысты.