ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ І ТОҚСАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының алғашқы тоқсанының қорытындысына арналған педагогтардың мәжілісі өтті. Күн тәртібінде “Концептуалды оқыту арқылы оқушылардың жүйелі ойлауын дамытудағы NIS-Programme мүмкіндіктері”, “оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу математикалық білім берудің тиімділігін арттырудың факторы ретінде” тақырыптары мен І тоқсанның оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы тыңдалды. Педагогикалық кеңесте “Дарынды бала” желілік қауымдастығының модераторы мен қауымдастық мүшелері тұжырым және тұжырымдамалық оқытудың әдіс-тәсілдері жөнінде баяндамаларын таныстырды.