ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ІІ ТОҚСАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының ІІ тоқсаны қорытындыланды. Дәстүр бойынша Педагогикалық Кеңес алдында өткен тоқсанның қорытындысымен түрлі сайыста жеңімпаз атанған оқушылар және олардың жетекшілері марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге алыс-жақын аймақтардан жеткен алғыс хат, арнаулы сертификаттар мен кәсіби дамуды дәлелдейтін құжаттар табысталды. №3 Педагогикалық Кеңесте мұғалімдердің зерттеушілік мәдениеті мен рефлексивті тәжірибесін дамыту, NIS-programme бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы кіріктіріп оқытудың мүмкіндіктері және ІІ тоқсандағы оқу-тәрбие жұмыстарының есебі тыңдалды.