МҰҒАЛІМДЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Бүгін Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аймақтағы жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері үшін біліктілікті арттыруға арналған курс өткізілді. Тәжірибе тарату аясындағы шарада химия және биология пәндері бойынша оқытудың амалдары қарастырылды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері педагогтарға CLIL әдісімен жұмыс істеу, бағалау және жоғары сыныптарда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудан шеберлік сағатын өткізді.