ӘЛЕУМЕТТІК ТӘЖІРИБЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін Атырау қаласындағы Назарбаев Зиятикерлік мектебінде 27 мамыр күні ұйымдастырылған “Баланы жұмысқа жетеле” әлеуметтік акциясының қорытындысы тыңдалды. Оқу орынның 7-8 сынып оқушылары қатысқан шарада балалар өз ата-аналарының жұмысында бір күнді қалай өткізгенін баяндап берді. TED’x форматында өткен ашық алаңда оқушылар түрлі өндірісте жинаған деректерді фото және бейнематериал нұсқасында дайындады. Олар әлеуметтік акция барысында алған тәжірибелерін сыныптастарына айтып берді.