Хабарландыру

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқуға түсу үшін байқау тесті


 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына конкурстық іріктеудің байқау тестін ақылы негізде (бұдан әрі – байқау тесті) өткізілетінін хабарлайды.

Байқау тесті компьютерлік тестілеу форматында жүргізіледі және конкурстық іріктеудің барлық бөлімдерін қамтиды: 

Тест бөлімдері Тапсырмалар саны Берілетін уақыт Максималды балл
Математика 40 тапсырма 60 минут 400
Сандық сипаттамалар 10* тапсырма 5 минут 50
Қазақ тілі 20 тапсырма 120 минут 200
Орыс тілі 20 тапсырма 200
Ағылшын тілі 20 тапсырма 200
Барлығы 110 тапсырма 185 минут 1050 б.

*Примечание: Шынайы конкурстық іріктеуде «Сандық сипаттамалар» бөлімі 60 тапсырмадан тұрадыбайқау тестінің аясында форматпен  танысу үшін 10 үлгілік тапсырманы орындау ұсынылады.

Байқау тестіне қатысу бағасы 3 000 теңге.

Байқау тестіне тіркелу онлайн тіркелу порталы (http://trialtest.nis.edu.kz) арқылы жүзеге асады. Байқау тестіне тіркелу тәртібі:

1-қадам. Онлайн тіркелу порталында байқау тестіне қатысушының заңды өкілінің тіркелуі (ата-ана/қамқоршы/асырап алушы/тәрбиеші және т.б.);

2-қадам. Байқау тестінің өткізілетін күні мен орнын (қала, мектеп) белгілеу (заңды өкілінің жеке кабинетінде);

3-қадам. Байқау тестіне қатысу туралы келісімшарттың (оферта) шарттарымен танысу;

4-қадам. Байқау тестінің төлемін ePay онлайн төлем жүйесі немесе Қазақстан Республикасы банктерінің филиалдары мен бөлімшелері арқылы жүзеге асыру;

5-қадам. Қатысушының байқау тестіне сәтті тіркелгені туралы хабарлама және рұқсатнама алу;

6-қадам. Байқау тестіне қатысушының рұқсатнамасын басып шығару. 

Байқау тестін өткізу күндері (Астана қаласының уақыты бойынша)

Байқау тестілеуінің өткізілетін күні Порталда байқау тестіне қатысу үшін  тіркелу және төлемақыны  төлеу* мерзімдері Рұқсатнаманы алу күндері Нәтижелерін алу күндері Байқау тестінің ұзақтығы
1 08.12.2018 ж. 26.11 – 05.12 07.12 дейін 
(қоса алғанда)
14.12 дейін 10:00-13:05

(185 минут)

2 22.12.2018 ж. 10.12 – 19.12   21.12 дейін 
(қоса алғанда)
28.12 дейін
3 05.01.2019 ж. 24.12 – 02.01 04.01 дейін 
(қоса алғанда)
11.01 дейін
4 19.01.2019 ж. 07.01 – 16.01 18.01 дейін 
(қоса алғанда)
25.01 дейін
5 02.02.2019 ж. 21.01 – 30.01 01.02 дейін 
(қоса алғанда)
8.02 дейін

*мереке күндерін есептемегенде                                    ** орын саны шектеулі

Сұрақтар туындаған жағдайда:

Онлайн тіркелу порталында тіркелу және басқа да техникалық сұрақтар бойынша Сіздің қалаңыздағы қолдау көрсету қызметіне көрсетілген телефон нөмірлері бойынша  хабарласыңыз:

Назарбаев
Зияткерлік мектептері
Телефон нөмірі Ішкі нөмір
1 Ақтау қ. ХББ 8 (7292) 70 10 66 3330
2 Ақтөбе қ. ФМБ 8 (7132) 70 47 80 3125
3 Алматы қ. ФМБ 8 (727) 331 01 04 3528
4 Алматы қ. ХББ 8 (727) 331 01 10 3727, 3730
5 Астана қ. IB 8 (7172) 55 80 33 2728
6 Астана қ. ФМБ 8 (7172) 55 98 01 2528, 2510
7 Атырау қ. ХББ 8 (7122) 55 85 54 3915
8 Қарағанды қ. ХББ 8 (7212) 55 88 80 4119, 4143
9 Көкшетау қ. ФМБ 8 (7162) 25 31 40 4314
10 Қостанай қ. ФМБ 8 (7142) 99 97 47 4530
11 Қызылорда қ. ХББ 8 (7242) 55 11 52 4726
12 Павлодар қ. ХББ 8 (7182) 70 47 40 5128
13 Петропавл қ. ХББ 8 (7152) 55 97 22 4929
14 Семей қ. ФМБ 8 (7222) 63 63 50 5946, 5911
15 Талдықорған қ. ФМБ 8 (7282) 55 88 80 5370
16 Тараз қ. ФМБ 8 (7262) 99 98 54 5555
17 Орал қ. ФМБ 8 (7112) 55 45 11 5733
18 Өскемен қ. ХББ 8 (7232) 56 08 45 6116
19 Шымкент қ. ФМБ 8 (7252) 29 44 88 6363
20 Шымкент қ. ХББ 8 (7252) 42 51 70 6558

Байқау тестіне қатысу үшін төлем және тест мазмұнына байланысты сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондарына хабарласыңыз: 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы 8 (7172) 23 57 63 1312, 1315, 1316

Байқау тестінің өткізілу шарты мен тәртібі, қатысушыларды тіркеу, қатысу төлемақысын төлеу тәртібі және қатысушылардың байқау тесті кезінде өзін-өзі ұстау ережесі бойынша толық ақпаратты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына түсу үшін байқау тестін өткізу бойынша ережесінде көрсетілген.

Байқау тестілеуіне қатысушылардың балдарын олардың 2018 жылғы Конкурстық іріктеу кезіндегі балдарымен салыстыру

 

Талапкерлердің орташа балы
  2018 ж.
Конкурстық іріктеу
Байқау тестіне
ҚАТЫСПАҒАНДАР
Байқау тестіне
БІР РЕТ
ҚАТЫСҚАНДАР
Байқау тестіне
БІРНЕШЕ РЕТ
ҚАТЫСҚАНДАР
Пәндік тест*
(макс. 1000 б.)
576,6 546,1 
-30,5 балл
615,4

+38,8 балл

676,6

+100 балл

Математика 
(макс. 400 б.)
185,4 170,5

-14,9 балл

203,5

+18,1 балл

236,5

+51,1 балл

*Ескі формат бойынша (2018 жылға дейін) Пәндік тест математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тұрады.