ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫ ӨНЕР ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ

Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған онкүндік аясында «Іс-әрекеттегі зерттеу қызметі: дифференциацияланған оқытудың жүзеге асырылуын зерттеу» бойынша өнер пәнінің мұғалімі Данияр Олжағалиевтің ашық сабағы өтті. Сабақ тақырыбы өнімдерді тестілеуге арналды. Дифференциация әдісіне басымдық жасай отырып мұнда оқушылар қашықтықта креативті ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық және кеңістікте ойлауды арттыруға мүмкіндік алды. Оқу мақсатына сәйкес білім алушылар өздерінің және өзгелердің жұмыстарын бағалау арқылы, жетілдіру және бейімдеу, сын тұрғысынан ойлау сынды дағдылар арқылы ұсыныстар жасады.