«ҰЛЫ ДАЛА АҚЫНДАРЫ» ЖОБАСЫ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ. ЭССЕ «ҰЛТ ҰСТАЗЫ»

Назарбаев Зияткерлік мектебі мен облыс мектептері оқушылары арасында «Ұлы дала ақындары» жобасы өз жалғасын тапты. Жалпы білім беретін мектептермен ынтымақтастық орнату және шығармашыл оқушыларды шыңдау мақсатында өтіп жатқан аймақтық байқауға қатысушылар қашықтықта бақ сынауда.
ІV бағыт. Оқушылар 150-180 сөз көлемінде жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай, негізгі ойды сақтай отырып, өз сөзімен жинақы, өз көзқарасын айқын көрсетіп эссе жазуы керек.
Қатысушылар: Атырау қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Жаймағамбет Зуриад 7 сынып, Жукабаев Батырхан 11 сынып, Жұмабаева Жібек 11 сынып.
Атырау облысы, Жылой ауданы, №2 жалпы білім беретін мектеп КММ оқушылары Сарсенбаева Нұрлыгүл 10 сынып, Қабдығалиева Әсем 10 сынып, Азаматова Аружан 11 сынып, жетекшілері: Темирова Эльмира.
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қиғаш жалпы орта мектебінің оқушысы Билялова Аина 10сынып, жетекшісі Гүлжазира Сатимова.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет бойынша:
«Әдебиеттегі Эссе – пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды…» делінген. Оқушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін дәріптеу арқылы өз ойларын жазған. Әділ қазылар алқасы құрамында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі-модератор Мерей Бейбітқызы, Гүлайым Әлімқызы және тәлімгер-ұйымдастырушы Гаухар Еркінқызы. Мерей Бейбітқызы сөз алып, қатысушыларға алға қарай сәттілік, оқуда алда, қаламдарының ұштала беруіне, жобалардың сәтті өтіп алға қарай өтіп тұруына тілек білдірді.
Жобаның ІV бағыты бойынша қорытынды марапаттау 9 сәуір күні өтеді.