КОРОНАВИРУСТЫ АЛДЫН-АЛУ

Қазір әлемдегі мемлекеттер үшін өткен жылдың аяғында белең алған белгісіз вирустан азаматтарды қорғау өзекті мәселеге айналды. Бұл жағдай біздің елімізге де ортақ. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қатерлі індетті алдын-алуға бағытталған аймақтың эпидемиологиялық мамандарымен кездесу өткізілді. Дәрігерлер аурудың қалай тарайтынын және одан сақтанудың шараларын ескертті. Ұжым қызметкерлері вирус жөнінде толғандырған сауалдарына жауап алып, жақын арада алыс-жақын шет елдерге шықпау жөнінде уақдаласты.