ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары онлайн форматында соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысты. Оқу жылын аяқтаған білім алушылар мен мектеп бітірген 12 сыныптың 66 оқушысы алғаш рет соңғы қоңырау үнін қашықтықта естіді. Салтанатты шарада мектеп әкімшілігі мен тәрбиеші-кураторлар білім ордасынан байланысқа шықты. Ал зияткерлік мектептің шәкірттері мен ата-аналары сымсыз желінің көмегімен құттықтауды тыңдады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Құралай Ахмадиева оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, күрделі де күрмеуі көп оқу тоқсанын сәтті аяқталғанын атап өтті. Биыл Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері арасында 6 оқушы Алтын белгіге, ал 12 түлек ерекше үлгідегі үздік аттестатқа үміткер.