БЕС ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕПТІҢ БЕСІНШІ ПРЕЗИДЕНТІ

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару кеңесінің жаңа президенті, 11 сынып оқушысы Бек КӨҢІЛҚОШ мектеп оқушылары мен ұстаздары алдында ресми Ант қабылдады. Салтанатты шарада алдағы екі жылға арналған мектептің жаңа парламент құрамы таныстырылды. Жас көшбасшы өзіне жүктелген барлық міндетті жауапкершілікпен атқаратынына сендіріп, мектептің дамуы үшін аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.