ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕНІ БІРГЕ ШЕШЕМІЗ

Ғаламдық азаматтықты дамыту және Атыраудағы QSI халықаралық оқу орнымен арадағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Табиғи апаттардың алдын алу және мәселені шешу» тақырыбында “БҰҰ-ның Моделі” үлгісіндегі конференция өтті. Конференцияға Назарбаев Зияткерлік Мектебінің 11-сынып оқушылары және QSI мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты. Мәжілісте делегаттар БҰҰ-на мүше мемлекеттердің алдағы әрекеттері туралы резолюция қабылдады.