РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛҒАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Осы аптада Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаратылыстану-математика және гуманитарлық пәндерден өткен мектепшілік ғылыми-жобалар байқауының қорытындысы шықты. Оқушылардың ғылыми жаңалығы мен шығармашылық ізденісіне арналған байқауда оннан астам оқушы Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебін республикалық кезеңде таныстыру құқығына ие болды. Мұнда болашағы зор инновациялық туындылар, тарих және археология саласын қамтитын тың зерттеулер көп.