ІІ-ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу жылының ІІ-тоқсанына арналған дәстүрлі жиынға ата-аналар үлкен қызығушылық білдірген. Жәрмеңке форматында ұйымдастырылған жиналыста әрбір ата-ана баласының оқу үлгерімі туралы пән мұғалімдерімен жекелей тілдесуге және ақпарат алуға мүмкіндік алды.