АҚ ЖАЙЫҚТЫ АЯЛАЙЫҚ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Атырауда өтіп жатқан санитарлық-тазалық айлығына қатысуда. Мектептің “Батыс” шаңырағы кезекті сенбілікте Жайық жағалауындағы қоқыстарды жинады. Оқушылар ата-аналарымен қосылып өзен бойындағы тұрмыстық қалдықтарды, қураған ағаш-шөптерді жұлып экологиялық ахауалды арттыруға үлес қосты. Осылайша таза ауада серуендеп қоршаған ортаға тазалық сыйлаған зияткерлер өзгелерді де сенбілікке қатысуға шақырды.