banner

Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS оқушысы Қытайда өткен халықаралық байқауда топ жарды

05 желтоқсан 2024 10:00

Ақтаудағы NIS оқушысы Мадина Абдула мен оның командасының жобасы Zhongguancun World Competition 2024 байқауында Қазақстанның атын асқақтатты.

Байқау Қытайдың Пекин қаласындағы Чжунгуаньцунь технологиялық орталығында өтті. Бұл аймақты жиі Қытайдың Кремний алқабы деп атайды. Әлемнің 30 елінен 1500-ден астам стартап қатысқан сайыста олардың жобасы үздік ондыққа кіріп, ақтық кезеңде 2-орын иеленді.

Мадина Абдула командасымен бірге Q-Agro деп аталатын инновациялық жобаны ұсынды. Q-Agro - мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға арналған экожүйесі. Дрон арқылы малдын саның бақылауға, жайылымдарды қадағалау мен қауіптердің алдын алу мүмкіндігін береді.

Жас өнертапқыштардың стартапы сынамалардан өтіп, кәсіпкерлермен қолданысқа енгізілу жоспарлануда. Одан бұрын Future Engineers инкубатор мен Caspian Startup 2024 те 3 орынға ие болып, ҚБТУ гранты берген болатын.
Команда мүшелері: Мадина Абдула, Асылжан Абдуллаев, Дархан Аширап.