banner

Тәжірибе тарату

Тәжірибе тарату

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Тәжірибені тарату департаменті

         

Тәжірибені тарату департаменті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – 2035 даму стратегиясын іске асыруда және жалпы орта білім беру жүйесі үшін тәжірибені таратуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Біздің негізгі міндеттерімізге Зияткерлік мектептердің, Педагогикалық шеберлік орталығының, Педагогикалық өлшеулер орталығының және Білім беру бағдарламалары орталығының тәжірбиелерін ұйымдарға тәжірибе беруді шоғырландыру мен үйлестіруді қамтиды. 

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бейімдеу: Білім беру бағдарламалары орталығы заманауи білім беру талаптарын және оқытудың инновациялық әдістеріне сәйкес келетін  білім беру бағдарламаларын әзірлеумен айналысады. Бұл бағдарламалар бейімделеді және орта білім беру жүйесіндегі білім беру ұйымдарына беріледі. Орталық тірек мектептердің педагогтарын пәндік білім, зерттеу дағдылары және функционалдық сауаттылық бойынша оқытуды жүргізеді.

Педагог кадрларды қолдау: тәжірибені сәтті тарату үшін мұғалімдердің қолдауы мен кәсіби дамуын қамтамасыз ету маңызды. Педагогикалық шеберлік орталығы біліктілікті арттыру курстарын, оқыту іс-шараларын, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырады, онда педагогтар тәжірибе алмасып, оқытудың жаңа әдістемелерін меңгере алады. Еліміздің әр өңіріндегі зияткерлік мектептер орта білім беру ұйымдарының педагогтарына басқару, заманауи жабдықтарды пайдалану, ашық сабақтар бойынша өз мектептерінің базасында тағылымдамалар өткізеді, сондай-ақ әдістемелік көмекпен тірек мектептерге барады.

Білім беру ресурстарын құру: тәжірибені тиімді тарату үшін оқу материалдарын, онлайн курстар мен әдістемелік құралдарды қоса алғанда, білім беру ресурстарын құру қажет. Бұл ресурстар мұғалімдер мен оқушылардың кең аудиториясына қол жетімді болуы мүмкін.

https://tt.nis.edu.kz/  порталында мұғалімдерді қолдау үшін тірек мектептердің тәжірибесінде тексеруден өткен ең тиімді материалдармен толықтырылатын Әдістемелік ресурстар банкі құрылды. Әрбір тірек мектептің мектептегі ағымдағы жағдайды талдау мақсатында сандық және сапалық деректерді ұсыну үшін жеке аккаунты бар.

«Жүйелік-әдістемелік кешен» сайты https://smk.edu.kz/  тиімді оқытуға арналған ең үлкен ресурстық кітапхананы қамтиды.

Нәтижелерді бақылау және бағалау: Департамент тірек мектептерде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және тәжірибені берудің тиімділігін қадағалайды. Бұл нәтижелерді бағалауды және қажет болған жағдайда тәжірибені тарату стратегиясын түзетуді қамтиды. Педагогикалық өлшеулер орталығы оқушылардың оқу жетістіктері мен олардың функционалдық сауаттылық деңгейіне мониторинг жүргізеді, әрбір оқушы бойынша егжей-тегжейлі есептер береді және мұғалімдердің сабақ беруін жақсарту үшін мониторинг нәтижелерін пайдалануға үйретеді.

Серіктестік және ынтымақтастық: Департамент еліміздің орта білім беру жүйесіне озық тәжірибелерді енгізуге жәрдемдесу үшін басқа білім беру ұйымдарымен және мемлекеттік мекемелермен белсенді өзара қарым-қатынас жасайды. "Қазақстан Халқына" ҚҚ, "Білім беруді тұрақты дамыту Қоры" ҚҚ (ФУРО) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Өңірлердегі Білім басқармалары, әдістемелік кабинеттермен  тұрақты байланыстар жолға қойылды. Балалардың игілігі департаменті және Тәрбие жұмысы департаменті тірек мектептерге оқушыларға арналған тәрбие және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.

Зерттеулер мен инновациялар: білім беру үдерісін ұдайы жақсарту үшін департамент білім беру саласындағы жаңа трендтерді, зерттеулер мен инновацияларды талдаумен айналысады, бұл тірек мектептерді әдістемелік қолдау үшін оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда білім беру ортасын қуатты түрлендірумен, оқытудың жаңа креативті әдістері мен тәсілдерімен тірек мектептердің кәсіби альянсын құруға барлық жағдай жасалған.

Тәжірибені тарату департаментінің жұмысы білім беру сапасын арттыру және орта білім беру жүйесінде білікті мамандарды даярлау үшін стратегиялық маңызға ие.

Тәжірибені тарату бойынша жобалар сәтті жалғасуда. Жасалынып жатырған жұмыстар қоғамда оң пікірге ие және қазақстандық оқушылардың білім сапасын арттыруда мемлекеттің, бизнестің және білімнің күш-жігерінің синергиясының жақсы үлгісі болып табылады.