Жаңалықтар
Мұрат Алмаc Гонконг университетінен шақыру алды
06 маусым 2024 13:38
Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мұрат Алмас толық қаржыландырумен Hong Kong University (HKU) атынан оқуға шақыру алды.
HKU-1911 жылы құрылған Гонконгтың жетекші университеті. HKU әлемдегі ең мықты университеттердің қатарына кіреді. 2024 жылғы QS World University Rankings рейтингінде университет әлемде 26-шы және Азияда 3-ші орында.
Мұрат Алмас Bachelor of Engineering in Engineering Science бағдарламасына түсті. Бұл бағдарлама өзінің икемділігімен ерекшеленеді және бес бағытты қамтиды: Healthcare, Energy, Environmental, Materials және Systems Engineering.
Гонконг ірі халықаралық қаржы және технологиялық орталық екені белгілі. Ол студенттер мен кәсіпқойларға көптеген мүмкіндіктер ұсынады, соның ішінде заманауи ғылыми зертханаларға, халықаралық компаниялар мен стартаптарға қол жетімділік, сонымен қатар бай мәдени өмір мен түрлі іс-шараларға толы.
Алмас өз мектебіне берілген ресурстар мен оқуға түсуге дайындалуға көмектескен қолдауы үшін алғысын білдірді.
"7-сыныптан бастап мен академиялық жетістіктер мен ғылыми қызметке баса назар аудара отырып, университетке түсуге дайындалдым. Мектеп жылдарында мен физика және инженерия бойынша екі ғылыми зерттеу жұмысын жаздып, жарияладым, бұл маған осы салалардағы білімді тереңдетуге және құнды тәжірибе жинауға мүмкіндік берді", – деді ол.
Алмас сонымен қатар Jasa және SafeUp сияқты әлеуметтік жобаларды дамытуға белсенді қатысты. Ол 1540 балл жинап, SAT емтиханын сәтті тапсырды. International Baccalaureate Diploma Programme (IBDP) бағдарламасы аясында ол физика, математика, антропология, сандық қоғам, орыс және ағылшын тілдерін оқыды.
Құттықтаймыз, Мұрат Алмас!