banner

Психологиялық қызмет

Психологиялық қолдау

Балаларды жақсы етудің ең тиімді жолы - оларды бақытты ету! Ал бақыт - ол сені түсіну және әркез қолдайтын жандардың жаныңда табылуы. Біздің мектепте дарынды балалар білім алады және әрбір ересек адам оның жан дүниесіне жола таба алмайды.

Педагогтар мен ата-аналар «Ерекше қабілеттері бар баламен қалай жұмыс істеу керек?», «Жеке қасиеттерін ескере отырып, оны қалай тәрбиелейміз?», «Баланың өмірлік қуатын шектемей, оның жан дүниесінде тепетеңдікті сақтай отырып бақытты болуы үшін не істеу керек?» деген сұрақтар жиі туындайды. Мұны мектепте, отбасында, қоғамда қолайлы білім беру ортасын құру арқылы іске асыруға болады. Бұл жерде психологиялық қызметке үлкен рөл беріледі. Дәл осы орайда психологтар мектепте қолайлы ахуал құруға, оқу-тәрбие процесін психологиялық сүйемелдеуге көп көңіл бөледі.

Осы мақсатты жүзеге асыруда Зияткерлік мектеп психологтарының жұмысын мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

- Психологиялық диагностика:

• оқушының психологиялық портретін жасау:

• оның бейімділігін, қабілеттілігін анықтау;

• әрбір педагогке оқушының жеке көзқарасына сәйкес көмек көрсету.

- Психологиялық ағарту және психологиялық алдын алу:

• педагогтардың, ата-аналардың, сондай-ақ оқушылардың психологиялық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру;

• оқушылардың психикасы мен мінез-құлқындағы теріс көріністердің алдын алу.

- Психологиялық түзету:

• оқушылардың жеке басын қалыптастыру және даралығын сақтау;

• педагогикалық ұжымға оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды дараландыруға, олардың қабілеттері мен бейімділігін дамытуға көмек көрсету

- Консультативтік көмек:

• оқушылар мен ата-аналарға (заңды өкілдерге) дамыту, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беру;

• Жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына, бейімделуіне және әлеуметтенуіне көмек көрсету.