banner

Тамақтану

Асхана қызметі

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, физиологиялық қажеттіліктерге сәйкес келетін ұтымды және теңдестірілген тамақтану тәртібі зияткерлік мектеп оқушыларының денсаулығын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Мектеп оқушылары арасында дұрыс тамақтануды насихаттауға және ас қабылдау мәдениетін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

Оқушылар 360 орындық мектеп асханасымен қамтамасыз етілген. Асхана қажетті жаңа заманауи жабдықтармен қамтылған. Оқушылардың тамақтануы екі лекте ұйымдастырылады. Мектеп асханасында оқушылардың 3 рет тамақтануы кесте бойынша ұйымдастырылған.

Оқушылар үшін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін көздейтін ас мәзірі жасақталады.

Мәзірді әзірлеу кезінде оқушылардың жас санаты, мектепте болу ұзақтығы ескеріледі. Мәзірдегі тағамдар талаптарға сәйкес келеді: дәмдік үйлесімділік, әртүрлілік (күндер бойынша қайталанбау), тағамдық құндылыққа сәйкестік.

Шағымдар мен ұсыныстар үшін мектепте тамақтану бойынша бракераждық комиссия жұмыс істейді, оның мүшелері оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар комитеті болып табылады.