Жаңалықтар
Тоғызқұмалақ спартакиадасы: екі күміс пен бір қола
15 қараша 2024 17:12
Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен тоғызқұмалақтан желілік спартакиадада Қызылорда қаласындағы NIS оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Қыздар арасында Бинұр Мұхамеджан және ұлдар арасында Азамат Алтынбеков екінші орын иеленсе, 7-9 сыныптар арасында Ақберен Бақберген үшінші орынмен марапатталды. Командалық есепте де оқушыларымыз екі үшінші орынды қанжығаларына байлады.
«Тоғызқұмалақ — жай ғана ойын емес. Ол логикалық ойлауды дамытып, зейін қоюды және стратегиялық жоспарлауды үйретеді. Ежелде ата-бабаларымыз тоғызқұмалақты математикалық есептерді шығаруға қолданған. Бұл — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бай мұра», — деп өз ойын жеткізді Азамат.