
Жаңалықтар
Сырбойылық зияткерлер Central Asia FIRST Championship сайысына жолдама жеңіп алды

30 желтоқсан 2024 15:35
Қызылорда қаласындағы NIS-тің оқушылары «USTEM Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырған робототехникадан Central Asia FIRST Championship чемпионатының аймақтық кезеңінде жүлделі ІІ орынды иеленді.
Оқушылар құрастырған және бағдарламалаған LEGO роботтары заттарды көтеру, кедергілерден өту сияқты күрделі тапсырмаларды сәтті орындады. Енді бұл команда Орталық Азия кезеңінде жүлделі орындар үшін сайысқа түсіп, АҚШ-та өтетін FIRST LEGO League халықаралық робототехника жарысына жолдама алу мүмкіндігіне ие болмақ.
Бұл әлемдік чемпионат оқушылардың инженерлік, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар LEGO роботтарын құрастырып, бағдарламалап қана қоймай, шынайы өмірде кездесетін инженерлік мәселелерді шешу жолдарын да ұсынады.