
Жаңалықтар
Педагогикалық идеялар байқауы өтті

26 желтоқсан 2024 15:40
Қызылорда NIS-те өткен педагогикалық идеялар байқауында ұстаздар оқушыларға білім мен тәрбие берудің жаңашыл жобаларын ұсынды.
Ұсынылған жұмыстардың арасында танымал Minecraft ойыны арқылы география пәнін оқыту, отбасылық кітап оқуды насихаттауға арналған веб-сайт, «Әкелер кеңесі» жобасы, сабақта жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, математикалық білім беру платформасы, сондай-ақ жаратылыстану- математикалық және тілдік пәндері бойынша дағдыларын дамытуға бағытталған өзге де авторлық әдістер бар.
Сайыс қорытындысы бойынша физика пәнінің мұғалімі Айнұр Құрақбаева І орынды, география пәнінің мұғалімі Арай Нұрбаева ІІ орынды, математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, педагог-куратор Ақбота Жұмабай мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақбота Мамадияр арнайы номинациялармен марапатталды.
Байқаудың бас демеушісі «Абай-Дәулет» компаниясы атынан барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар үйлестірілді.