
Жаңалықтар
Қызылордадағы NIS тірек мектепке 200 кітап сыйлады

19 желтоқсан 2024 15:43
«Bookcrossing» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы NIS қауымдастығы ауыл мектептерін қолдауға және кітап оқуды насихаттауға бағытталған дәстүрлі шарасын өткізді.
Мектеп оқушылары мен қызметкерлер бірлесіп 200-ге жуық кітап жинады. Көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік басылымдар мен оқу-әдістемелік құралдарды қамтитын құнды жинақтар Шиелі ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектеп кітапханасына үйлестірілді.
Бұл бастама оқушыларды өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп қана қоймай, ауыл мектептеріндегі білім беру мүмкіндіктерін дамытуға қолдау көрсетуге үйретеді.