banner

Жаңалықтар

Гүлзат Шынтасованың тағы бір белесі

17 желтоқсан 2024 16:01

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауда Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова І орын иеленді.

«Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткен сайысқа 250-ден астам жұмыс келіп түсті. Еліміздің ғалымдары мен сала мамандары 4 аталым бойынша Алаш қозғалысы тақырыбы аясында өз зерттеулерін, эссе және мақалаларын ұсынды.

Гүлзат Бурабайқызы «Алаш қайраткерлерінің оқу-ағарту мен ғылымдағы ұстанымы және оның қазіргі Қазақстан үшін маңызы» номинациясында жеңіске жетіп, 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды.

– Мақсатым – Ахмет Байтұрсынұлы әдістемесінің өміршеңдігін дәлелдеу. Қазіргі «жаңа», «шетелдік» деп жүрген көптеген әдістеріміз ғалым еңбегінен бастау алады. Зерттеу жұмысымда жаңартылған білім беру бағдарламасын ХХ ғасыр басындағы Ұлт ұстазының еңбектерімен салыстырып, талдадым», – дейді жеңімпаз ұстаз.