
Жаңалықтар
Қызылордалық зияткерлер робототехникадан әлемдік олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінді

02 желтоқсан 2024 16:09
Бірнеше күннен бері Түркияда өтіп жатқан World Robot Olympiad – 2024 халықаралық олимпиадасы мәресіне жетті. Әлемнің 90 елінен 3500 жас инженер қатысқан додада Қазақстан намысын қорғаған командалар екі санат бойынша жүлдегер атанды.
Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары да бар. Ернұр Сәду мен Алдияр Аппаз «Future Engineers» санатында ІІ орынды еншілесе, Дінмұхаммед Әбдиев пен Максим Усольцев «Robomission» категориясында үздік ондыққа табан тіреді.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа сырбойлық оқушылар жыл сайын қатысып келеді, өткен жылы да жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің туын көкке көтерді.