banner

Жаңалықтар

Актөбе облысындағы ауыл мектептерін дамытуға арналған республикалық семинар

20 қыркүйек 2024 09:44

Бүгін Ақтөбеде «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру» пилоттық жобасының қорытындылары бойынша республикалық семинар өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «Қазақстан халқына» қоры басқарма төрағасының орынбасары Ляззат Чинкисбаева, «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» қамқоршылық кеңесінің төрайымы, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин мен Ақтөбе қаласындағы NIS директоры Қайырбек Буксукбаев қатысты.

Семинар қатысушылары өткен жылы бастау алған жобаның табысты нәтижелерін атап өтті. Жоба аясында АОО «Назарбаев Зияткерлік мектептері» «Қазақстан халқына» және Білім беруді тұрақты дамыту қорларымен серіктестікте Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептеріне қолдау көрсетіп, цифрлық технологиялар мен жаңа білім беру әдістемелерін енгізуде.



Жоба 2026 жылға дейін республика бойынша 191-ден астам тірек мектепті қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда бірінші және екінші кезеңдер табысты аяқталып, 79 мектеп, 6000-нан астам мұғалім және 60 000-нан астам оқушы қатысқан. Мониторинг нәтижелері білім сапасының айтарлықтай жақсарғанын және мұғалімдердің әдістемелік дайындық деңгейінің көтерілгенін көрсетті.

Семинар барысында қатысушылар жобаның нәтижелерін жоғары бағалап, бұл бастаманы Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыту және кеңейту жоспарын талқылады.