banner

Тәжірибе тарату

Семинар: Тәжірибе тарату – кәсіби қажеттілік

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері әдістемелік көмек көрсету мақсатында 01.11.2023 ж. күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдеріне «Ауылдық тірек мектептер» жобасы аясында тәжірибе тарату семинарын өткізіп келді.

Семинарға қазақ тілі мен орыс тілі пәндері және физика, химия, биология, география, тарих пәндері мұғалімдері және сынып жетекшілері толықтай қатысты. Семинар «Қазақ тілі сабағында «Оқу сауаттылығы» тапсырмасындағы мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді жолдары», “Орыс тілі сабақтарындағы функционалдық сауаттылықты дамыту”, “Тарих, география, химия, биология пәндерінде сараланған тапсырмалардың құрастырылуы”, “Физика сабағындағы зертханалық жұмыстың ұйымдастырылуы”, шетелдік халықаралық деңгейдегі тәжірибе таратушы ұстаздар да “Заманауи оқытудағы жаңа тәсілдер”, “Оқытудағы бағалау жолдары”, “Функционалдық сауаттылықты дамытуда қазақстандық мектептерде үштілділік саясатын енгізу арқылы оқытуды жеңілдету” тақырыптарында тәжірибелерін бөлісіп, тірек мектептеріндегі ұстаздарға көмектерін көрсетті. Тақырыпқа сай пән мұғалімдері сабақта қиындық тудырып жүрген сұрақтарын қоя отырып, қажетті жауаптарын алды. Семинарда пән мұғалімдерімен біріге отырып, практикалық тапсырмалар дайындалып, кері байланыстар берілді. Тірек мектебі мұғалімдері келесі сабақтарда түсінбеушілік туып жатса, үнемі байланыста отыратындарын айтты.

Сынып жетекшілермен «Ата-аналар университеті жобасын ұйымдастыру», «Шаңырақ қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру», «Куратор сағаттарын ұйымдастыру», «ТЕТ», «Ата-ана жұмысындағы 10 күн», «TEDx NIS», «READx», «Қоғамға қызмет ету» жобаларын іске асыру тәжірибесі шеберлік сыныптар арқылы түсіндірілді.

Семинарға қатысқан мұғалімдер жаңалықты тез қабылдап, алдағы уақытта да тығыз қарым-қатынаста болатындығы айтылды.