banner

Кітапхана

Кітапхана

Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасы

 Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 4 шілдесінде оқушыларға есігін айқара ашты. Мектеппен бірге кітапхана да өз жұмысын бастады. Кітапхананың негізгі міндеті мектеп оқушыларын, мұғалімдерді ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, кітапхана оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға, оқушылар арасында оқуды насихаттауға, ақпараттық сауаттылықты, ақпараттық дүниетанымды және оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған қазіргі заманғы көпфункционалды медиа-орталық болып саналады.

Дәстүрлі оқу форматындағы кітапхана күніне 500-ге жуық оқырманға қызмет ете алады және үш тілде көркем, ғылыми танымал, оқу және қосымша әдебиеттердің кең спектрін ұсынады. Оқырмандар кітапханадан классикадан бастап қазіргі танымал әдебиеттерге дейін таба алады. Кітапхананың жалпы қоры 26 703 кітапты құрайды. Оның ішінде үш тілде жазылған 5422 көркем әдебиет, 13 754 оқу әдебиеті, 290 электрондық басылым және 7237 әдістемелік әдебиет, қосымша, сондай-ақ ғылыми-танымал басылымдар бар.

Сонымен бірге, мұнда қажетті ақпаратты тек қағаз түрінде ғана емес, электронды тасымалдаушылардан да табуға болады. Кітапханада оқушыларға уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін оқу залы жұмыс істейді. Ақпараттық сауаттылық пен кең дүниетанымның маңыздылығы күн сайын артып келеді, сондықтан оқушыларға ноутбуктерді кітапханада оқу мақсатында пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Мектеп қоғамдастығының функционалдық, оқырмандық және ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру және дамытуға ықпал ету мақсатында кітапхана үнемі кітапханалық сабақтар, акциялар, іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастырып, жүзеге асырады.

Жобалар

Bookcrossing – Президент күні және ҚР Тәуелсіздік күні мерекелері қарсаңында өткізілетін мектеп қоғамдастығынан жалпы білім беретін мектептер мен балалар үйлерінің кітапханаларына оқылған кітаптарды сыйға тартудың жыл сайынғы әлеуметтік акциясы. Жоба мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру. Бір ай бойы оқушылар, мұғалімдер, мектеп қызметкерлері, ата-аналар үйінен бөліскісі келетін қызықты кітабын әкеледі. Ішіне қысқа эссе, ұсыныстар, кітаптар туралы пікірлер, тілектер жазып салады. Кітаптар әдемі безендіріліп оқушылар, кураторлар және кітапханашылардан жалпы білім беретін мектептерге немесе балалар үйлеріне баратын топ құрылады. Мектептерге барған кезде оқушылар олардың дүниетанымына әсер еткен кітаптарды ұсынады, тыңдармандардың оқуға деген қызығушылықтарын оятады, жетістіктері мен мақсаттары туралы айтады.

«Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» –   кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, тұрақты оқу дағдыларын тәрбиелеуге, оқырмандық талғамды қалыптастыруға және дамытуға ықпал етуге, үздік оқырмандарды анықтауға және оларды марапаттауға бағытталған жоба. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітаптың тізіміне қазақ классикасының 60 танымал туындысы және әлем әдебиетінің 40 жауһары (шетелдік және орыс классикасы) кіреді.

Жоба сондай-ақ үш тілде оқытуды қолдауға, өз халқының тарихын, мәдениетін зерделеуге және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әдебиетті оқу арқылы басқа мәдениетке төзімділікке тәрбиелеуге бағытталған.

READx – бірнеше спикерлердің қызықты баяндамаларын біріктіретін жоба, көрермендердің назарын оқу тақырыбының өзектілігіне аударып, оқу мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін оятуға бағытталған. Спикерлердің мақсаты – көрермендерді өз баяндамасының мазмұнымен қызықтыру, тыңдаушылардың ұсынылған кітапты оқуға құштарын ашу.

READx жобасының форматы оқуды ілгерілетудің дәстүрлі және заманауи тәсілдерін – оқырман бенефисін және тәуелсіз ұйымдастырылған TEDx іс-шарасын біріктіреді.  Жобаға 5 спикер қатысады – бұл оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер, кураторлар, мектеп қызметкерлері, қонақтар мен ата-аналар болуы мүмкін. Спикерлердің оқыған кітаптары акт залында жеке көрмелерге қойылады.

«Жеуге жарамды кітаптар фестивалі» – бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Іс-шара Халықаралық жеуге жарамды кітаптар фестивалі аясында өткізіледі. Ол әлемнің әртүрлі елдерінде 2000 жылдан бастап Джудит Хоффберг пен Беатрис Коронның бастамасымен атап өтіледі.

Фестиваль оқушылардың оқу мәдениеті мен рухани құндылықтарын дамытуға бағытталған. Фестивальге оқушылардың, олардың ата-аналары мен мұғалімдерінің бірлесіп қатысуы олардың арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Фестиваль ең алдымен жеуге болатын кітаптарды әзірлеуден басталып,  көпшіліктің бағасына ұсынумен жалғасады. Қатысу шарттарына сәйкес, барлық жеуге болатын жұмыстар шынайы кітап үлгісінде болуы қажет, яғни сырт келбеті нағыз кітапты еске түсіріп тұруы шарт.

«Кітап әлемді бағындырады» жобасы – 23 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында өткізілетін жыл сайынғы акция. Оқушылар бойында рухани-мәдени құндылықтарды тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ кітаптардың құндылығын ақпарат тасығыш құрал, тарих, білім беру және шығармашылық негіздері ретінде еске салу мақсатында ұйымдастырылады. Сауалнама арқылы кітапханашылар оқушылардың сүйікті кітаптары туралы ақпарат жинайды, кейіннен оқушылар жеребе тастау арқылы өздеріне кітап сыйлайтын «құпия дос» таңдайды.

Memoro жобасы – өскелең ұрпаққа тарихты алдаңғы буын өкілдерінің өз ауызнан естуге, өткен ұрпақтардың пайдалы және маңызды ақпараты мен тәжірибесін, халықтардың мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін сақтауға мүмкіндік береді. Оқушылар естеліктер жинақтаушы рөлін атқарады, яғни ересек тұлғалардың өткені туралы естеліктерін қысқа 5 минуттық бейне сұхбат форматында жазып алып, интернетте орналастырады.

Кітапхана қызметін пайдалану ережесі:

  • Кітапхана қорынан алынған кітаптарға, басқа да баспа туындыларына және өзге де материалдарға ұқыпты қарау, оларда жазбалар қалдырмау, парақтарын жыртпау және майыстырмау;

  • Штрих-код жапсырмасын бүлдірмеу;

  • Карточкаларды каталогтар мен картотекалардан шығармау;

  • Ашық қолжетімділік қорларындағы кітаптар мен басқа да құжаттардың орналастырылуын бұзбау;

  • Тыныштық сақтау; кітапханада дауыстап сөйлесуге, ұялы телефонды пайдалануға; сырт киіммен кіруге немесе өзімен бірге алып жүруге, жиһазды жылжытуға немесе басқа әрекеттермен басқа оқырмандардың назарын аударуға болмайды;

  • Кітапхана үй-жайларына, жиһазға және онда орнатылған жабдықтарға ұқыпты қарау, кітапханада тазалық пен тәртіпті сақтау;

  • Кітапхана үй-жайларынан кітаптар мен басқа да материалдарды, егер олар оқырман формулярына немесе басқа да есепке алу құжаттарына жазылмаған болса, шығармау;

  • Қордан алынған материалдарды кітапхана белгілеген мерзімде қайтару;

  • Жыл сайын кітапхана белгілеген мерзімде оқырман формулярларын оларға тиесілі барлық әдебиеттерді міндетті түрде көрсете отырып қайта тіркеу;

  • Кітапханаға тегі, аты-жөні, тұрғылықты жері, байланыс телефонының өзгергені туралы хабарлау;

  • Мектеп ауыстырған жағдайда, өз атына тіркелген барлық басылымдарды 3 күннен кешіктірмей кітапханаға қайтару және кету парағына қол қойдыру;

  • Кітаптарды, басқа да баспа туындыларын және материалдарды алған кезде оқырман оларды мұқият қарап, қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлауы тиіс, олай болмаған жағдайда соңғы басылымды пайдаланатын оқырман кітаптың бүлінуіне себебші ретінде саналады;

  • Басқа оқырмандармен бірдей басылымдармен алмасуға болмайды, өйткені кітапханаға оралған кезде кітапханашы штрих-код арқылы басылымды берілген оқырманнан қайтарып алады.