banner

Жаңалықтар

Мектепшілік ата-аналар комитеті төрағаларымен отырыс өткізілді

04 наурыз 2024 22:03

✅Мектебімізде мектепшілік ата-аналар комитеті төрағаларымен отырыс өткізілді. ✅2023-2024 оқу жылында мектебімізде барлығы 25 сынып білім алуда. Оқу жылының басында аталған сыныптарға ата-аналар комитеті тағайындалып, сыныптардың мәселелері комитет төрағасы ұйымдастыруымен шешімін тауып келеді. ✅Оқу жылының 2-жартыжылдығында сыныптардың ата-аналар комитеті көшбасшылары мектеп директоры Тусупжанов Айдын Елеусізұлы мен жалпымектепішілік ата-аналар комитеті төрағасы Жандос Шайдулланың жанында өткен отырыста бас қосты. ✅Отырыс басы мектептің педагог-психологы Арынбаева Жанна Маратқызының "ұрпақтар дамуының теориясы" атты баяндамасымен басталып, ата-аналардың жағымды атмосферада өзара танысып, жылы лебіздерін білдірумен жалғасты. ✅Отырыстың келесі кезеңінде күн тәртібіндегі мәселелерді талқылаумен ұласты: 📌2023-2024 оқу жылы 1-жартыжылдығында оқу-тәрбие саласында атқарылған шаралар мен 2-жартыжылдықта жоспарлар; 📌Жандос Шайдулланың ағымдағы жылдың 2 ақпаны күні Астана қаласында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы жанында өткен ата-аналар Кеңесінде талқыланған мәселелер, ұсыныстар мен қабылданған шешімдермен танысу; 📌NIS оқушыларының ата-аналар Кеңесі құрған комитеттерге мектепішілік мүшелерді сайлау; 📌Мектептің асхана жұмысы мен қызметі сапасымен танысу. ✅Мектепішілік ата-аналар комитеті отырысында бұдан бөлек Council of Internationl schools (CIS) ұйымына кіру аясында халықаралық аккредитациядаға өтінім беру процесіндегі ата-аналар рөлі де басты назарда екендігі айтылды. ⚜️"Ulltyq sezim" жалпыұлттық флешмобына қатысу және ұлттық дәстүрді дәріптеу мәселелесі назардан тыс қалмады. ✅Ата-аналардың мектеп өміріне белсенділігі оқушылардың әл-ауқаты мен дамуына зор ықпал етеді дей отырып, өзара ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деген сенімдеміз.