ҰЗАҚ ЖАСАУДЫҢ ЖОЛЫ – КӨҢІЛМЕН ҚАРТАЙМАУ

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде әжелер мен аталар көңілді гимнастикаға қатысты. Оқу орында өтіп жатқан “Ұрпақтар сабақтастығы” жобасының кезекті циклында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысушыларға физикалық жаттығулардың маңыздылығына тоқталды. Тұрақты шынығу арқылы ағзаны тек сырқаттардан емес, сондай-ақ ерте қартаюдан да алдын-алуға болады. “Ұрпақтар сабақтастығында” мектеп дәрігері Нәсіп Досанова мануалды терапия туралы тоқталып денені уқалаудың амалдарынан дәріс берді. Жобаның кезекті кездесуінде қатысушылар компьютерлік сауаттылықты арттыру және әлеуметтік желілерді қолдану туралы зияткерлік мектеп оқушыларынан білім алмақ.