Би үйірмесі – балалардың шығармашылық қабілетін шыңдайды және хореографиялық икемдерін дамытады. Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде хореография залы дәстүрлі, заманауи, спорттық және классикалық би үлгілерін қамтиды.

Сабақ барысында оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейтуге басымдық жасалады. Музыканы есту және әуенге баулу, ырғақты тыңдау сынды практикалық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Оқушылар сабақтан тыс уақытында мектепшілік мәдени-көпшілік шараларға қатысу үшін би жетекшілерімен дайындалады. Мектеп ансамблінің құрамында қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларға қатысады.

Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс - тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін - өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады.

Үйірменің негізгі жетістіктері:

-      «Гауһар-тас» ансамблі республикалық «Жарқын болашақ» өнер орталығы ұйымдастыруымен өткен VI «Жарық жұлдыз» атты балалар өнері байқауында Бас жүлде;

-      «Гауһар-тас» би ансамблі  халықаралық «Zhuldyz Art» байқауында хореография номинациясы бойынша I орын иеленіп Түркия, Ташкент немесе Ыстық-көлде өтетін байқауға жолдама алды.

-      Гүлдария Нодярова желілік би байқауында 1 орынды жеңіп алды. Сайысты Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырды.

Үйірме жетекшісі Джумахаева Райгуль Мухтаровна