Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыруға бағытталған клуб. Жетекшісі: алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қуаныш Шарифоллаев. 

«Жас сарбаздар» патриоттық клубы оқушылардың қоғамдық белсенділігін, олардың танымдық, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыруға, уақытқа сәйкес дамуға және әскери дағдыларды игеруге бағытталған. Отанға, елге, жерге, құндылықтарға деген сүйіспеншілік, қазақстандық патриотизмнің рухын қалыптастыру мектеп партасында басталады. Зияткерлік дамумен бірге оқушылар өз алдына мақсаттар қоя білуі, жобалар жасай білуі, физикалық төзімді болуы тиіс.

"Жас сарбаздар" патриоттық клубы қалалық және республикалық деңгейдегі түрлі мектеп іс-шараларына, "Жас ұлан" ұлттық қозғалысының іс-шараларына ұдайы қатысады.